Спорт Қазақстан
$441.41 €477.78 ₽4.84
×

«Қазақстанда қолданылатын технология топырақ сапасын жақсартпайды»,-Ж.Дайрабаев

AstanaTV
07.11.2022ж. 20:00
1231
«Қазақстанда қолданылатын технология топырақ сапасын жақсартпайды»,-Ж.Дайрабаев

«Қазақстанда қолданылатын технология топырақ сапасын жақсартпайды». Осылай деген Жигули Дайрабаев Шығыс Қазақстандық сайлаушыларына тұқым шаруашылығын дамытудың тың тәсіліп ұсынды.

Жигули Дайрабаев майлы дақылдардың тәжірибе шаруашылығы қызметкерлерімен кездесті. Ұжым бүгінде сүт өндіру және өсімдік шаруашылығы бойынша республикада жоғары көрсеткішке ие. Кандидат елімізді аграрлық державаға айналдыру үшін жақсы тұқымдар қажет екенін айтты. Қазақстанда тұқым шаруашылығын дамытудың маңызына тоқталды. Саяси бірлестік өкілдері бұдан кейін сүт және мал шаруашылығы кешеніне арнайы барды. Кандидат пен оның партияластары сайлауалды үгіт-насихат бағдарламасын түсіндіріп, жұртшылықты дұрыс таңдау жасауға шақырды.

Анас БАҚҚОЖАЕВ, "АУЫЛ" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда шаруалардың кейбір жерде пайдаланатын 2-3 алқапты ауыспалы егістің өзі мына жердің сапасын жақсартпайды. Ол жердің сапасын құр сақтап тұр. Мұнда 5-10 алқапты ауыспалы егіс бар. Міне соның арқасында ШҚО-дағы осы шаруашылықтардың жері жылдан жылға сапасы жақсарып жатыр.

Р. Бақытжанқызы