Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Жетісу облысында толғағы келген әйелді ауруханаға жеткізбек болған жедел жәрдем көлігі өртенді

AstanaTV
10.11.2022ж. 20:00
1357
Жетісу облысында толғағы келген әйелді ауруханаға жеткізбек болған жедел жәрдем көлігі өртенді

Жетісу облысында толғағы келген әйелді ауруханаға жеткізбек болған жедел жәрдем көлігі өртенді. Абырой болғанда жақын жерде полиция автопатрулі болған. Оқиға «Алматы-Өскемен» тас жолында болды. Дәрігерлер толғағы келген жүкті әйелді Қабанбай ауылынан Үшарал қаласына алып бара жатқан. Кенеттен жедел жәрдем көлігі бұзылып, өртене бастаған. Мұны республикалық жолдың аталған учаскесін бақылайтын полиция автопатрулі дер кезінде байқаған.

Жанна НУПБАЕВА, ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Көліктің төменгі бөлігінде өрт шығып, жедел жәрдем қозғалысын жалғастыра алмады. Біздің қызметкерлер әйелді дереу полиция патруліне отырғызып, жедел түрде ауруханаға жеткізді. Онда әйелге қажетті көмек көрсетілді.

М. Жақан