Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Веб-камера арқылы тәнін саудалайтындар көбейген

AstanaTV
10.11.2022ж. 20:00
8943
Веб-камера арқылы тәнін саудалайтындар көбейген

Елімізде жаңа «кәсіп» пайда болды. Веб-камера арқылы тәнін саудалайтындар көбейген. Бұл жезөкшеліктің жаңа түрі ме? Тілшіміз Аружан Задабек қыздарды жаңа мамандыққа бейімдейтін орталықтың біріне хабарласып көрген. Олар қандай ұсыныс айтты? Толығырақ келесі сюжетте.

Веб-камера алдындағы модель - Қазақстан үшін жаңа мамандық. Желідегі жарнама осылай дейді. Бұл қандай жұмыс дегендерге құлаққағыс. Ащы болса да айтайық. Желіде жеңіл жүрісті қыздар шетел азаматтарына қызмет көрсетіп жүр.

КОММЕНТАРИЙ:

- Бір күні әлеуметтік желіден видеоқоңырау арқылы мың доллар тапқың келсе, бізге жаз деген хабарламаны оқыдым. Осылайша веб-модель жұмысын бастадым. Бұл жерде ерлердің барлық айтқанын орындау керек.

- Жігіттер қабілеті мықты қыз-келіншектермен сөйлескісі келеді. Әр хабарламаға хат төлейді.

Әлеуметтік желіге хабарлама қалдырған бұл қыздар – модель боламын деп, опық жегендер. Басынан кешкен оқиғасын баяндап, жас қыздарды өзі басқан оттан аулақ болуға шақырады.

Басында интернеттен объявление көрдім. Айлық 700 мың. Жәй модель болып осындай ақша тапқан күшті ғой дедім. Сосын олар менің киімсіз фотомды сұрады. Сол кезде сразу түсіндім, бірнарсе дұрыс емес екенін.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

«Жасы 18-ден асқан, сыр-сымбаты келіскен, әдемі қыздар болса, модель болуға шақырамыз. Жәй модель емес, вед-модель. Жағдайын жасаймыз, керемет өмір сүресіз». Желідегі жарнама осындай. Бұл расымен де ақша табудың жаңа тәсілі ме? Әлде тәнін саудаға салатын орта ма? Осыны анықтау үшін мен де бірнеше агенттікке өтініш қалдырдым.

Жауап мен күткеннен де тез болды. Байланыс нөміріме хат жолдаған агенттік өкілі адамның жанды жерінен қалай ұстау керек екенін жақсы меңгерген секілді. Әңгімені ә дегеннен қарызың мен кредитіңнен құтыласың деп бастады. "Жас қыздар міне, осындай сөздерден кейін жеңіл ақша табудың жетегіне тез еріп кетеді" – дейді.

Самал АТАГЕЛДІ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

Қазақтың қыздары заманауи, өскіміз келеді, дамығымыз келеді. Кейбіреулері шетелдегідей болғымыз келеді. Дегенменде, біз басты өзіміздің құндылығымызды ұмытпауымыз керек. Яғни, салт-дәстүріміз бар, мәдениеттілігіміз бар. Ақша табу жолдары өте көп. Адал еңбекпен, жұмыс жаса, еңбектен! Бірақ ол бірден келмейді. Осылай өзіңнің ертеңгі репутацияңды ойлау керек.

Жеңіл ақша табу жолына түскендердің дені – 18 бен 25 жастағылар. Психолгтардың айтуынша, олардың бұл теріс әрекетіне отбасындағы тәрбиенің де әсері бар.

Алтыншаш МАТАЕВА, ПСИХОЛОГ:

Көбірек әңгімелесу, соның ішінде ашық түрде әңгімелесу. Қазіргі заманда бұл «ұят» деген сөз сондай ауқымды нәрсе. Жыныстық қатынас туралы сөйлесу ұят па немесе интернет желісінен ақпаратты іздеп, тауып, сосын адасуы ұят па? Соған назар аударса.

Жеңіл жүрісті қыздардың нәпақа табу үшін енді әлеуметтік желіге шығуы - алаңдатарлық жағдай. Бүгінде еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін интернетте отырады. Әсіресе, балалардың болашағы ойлантады, сондықтан оларды барынша қадағалауымыз қажет - дейді мамандар.

А. Задабек