Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Атыраулық құтқарушылар балаларды суға жүзуге үйретіп жүр

AstanaTV
19.08.2016ж. 20:00
3226
Атыраулық құтқарушылар балаларды суға жүзуге үйретіп жүр

Атыраулық судан құтқарушылар жаз бойы балаларға суға жүзуді үйретті. Осылайша, олар малти алмаса да, Жайық жағалап жүріп, басын қатерге тігетіндер санын азайтпақ. Бірнеше ай жүзу әліппесін үйренгендер алғаш рет Жайыққа түсті. Алайда олардың арасында болашақта жүзу спортын кәсіби түрде меңгеріп, Дмитрий Баландин секілді чемпион болуды армандайтындар көп. 

Давид Ликабадзе:

Маған суда жүзген өте ұнайды. Бір жылдан бері қатысып жүрмін. Баттерфляй, брасс, кроль, шалқалап  жүзуді үйреніп алдым. Мен қазір 50 метрді 43 секундта жүзіп шығамын. Болашақта  жүзуді жалғастырып, әлем чепионы болсам деймін.

Бір жыл ішінде 8 бен 15 жас аралығындағы 350 бала жүзуді меңгерді.  Ең кіші үйренушінің жасы әлі екіге толмаған Жобаның авторы - Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы. Мамандар осылайша балаларды ерте жастан су спортына баулып, өз қауіпсіздігін сақтап қана қоймай, жанындағыларға көмек беруге үйретуді көздейді. Айта кетейік, жыл басынан бері аймақта 28 адам суға кеткен, оның 9-ы кәмелетке толмағандар.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ