Спорт Қазақстан
$447.89 €476.78 ₽4.79
×

Ақтөбе футбол командасының жанкүйерлері Желіні шулатты

AstanaTV
15.05.2023ж. 07:33
811
Ақтөбе футбол командасының жанкүйерлері Желіні шулатты

Желіге aseke_7132 есімді Ақтөбе футбол командасының жанкүйерлерінің метродағы видеосын жүктеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Видеода бір топ адам метрода "Ақтөбе" деп ұрандатып келеді. Қолдарында барабан және басым бөлігі футбол командасының шарфын тағып алған. Кей қолданушылар олардың бұл әрекетін бұзақылыққа баласа, енді бірі олардың жанкүйер ретінде әрекеттерін мақтап жатыр.

Өзге қолданушылар "Қайраттың фанаты болсам да, осыларға ризамын", "Ақтөбе фанаттарымен мықты, мойындау керек" сынды пікірлер қалдырған.

Еске салайық, Қазақстан чемпионатында Қайрат пен Ақтөбе командалары алаңға шықты. Қайрат командасы 2:1 есебімен Ақтөбені ұтқан болатын.