Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Өлейін деп тұрған жоқпын". Лукашенко денсаулығы туралы айтты

AstanaTV
24.05.2023ж. 12:17
917
"Өлейін деп тұрған жоқпын". Лукашенко денсаулығы туралы айтты

Денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелеріне арналған кеңесте Беларусь президенті Александр Лукашенко денсаулығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Лукашенко шенеуніктерді сөгіп, өлімін күтпеуді ескертті.

"Мен ешкімді аямаймын, ешкімді. Ал егер біреу мені өледі деп ойласа, сабыр сақтасын. Бұл мессенджерлер мен Telegram-арналардағы бос пікірден басқа ештеңе емес. Қандай аденовирус әлде не еді? Ештеңе емес, үш күнде емделеді. Бірақ менде емделуге мүмкіндік болмаған соң - біресе Мәскеуге, сосын Ленинградқа, сенбіліктерге баруым керек болды, содан кейін мені алаңға шақырды, сол жерде қыздармен құшақтастық, сосын Гомельге... Бәрі жинақталып қалды. Сондықтан, өлейін деп тұрған жоқпын, жігіттер. Менімен әлі ұзақ қиналатын боласыңдар", - деді Беларусь президенті қоластындағыларға.

Еске салайық, бұған дейін Лукашенко қоғамдық кеңістіктен жоғалып кеткен болатын. Кейінірек Думаның ТМД істері жөніндегі комитеті басшысының бірінші орынбасары Константин Затулин Лукашенко немен ауырып жатқанын білетінін айтты, бірақ оның ковид емес екенін айтып, диагнозды атамады.