Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

«Olimpbet» БК Ақтөбенің Орталық стадионын жөндеуді қаржыландырды

31.05.2023ж. 20:00
562
«Olimpbet» БК Ақтөбенің Орталық стадионын жөндеуді қаржыландырды

Ақтөбенің орталық стадионы жөндеуден өтті. Көгал жаңартылды. Халықаралық талаптарға сай жабынды төселді. Бұл жұмыстарды еліміздегі №1 букмекерлік кеңсе «Olimpbet» қаржыландырған. Енді «Ақтөбе» футбол клубы қарсыластарын өз алаңында қабылдайды.

Бұл көгал жабындыны өсіруде әлемдік деңгейдегі эксперт-агроном Виктор Яроменконың еңбегі ерекше. Маман бұған дейін Еуропа-2012 чемпионатына алаң дайындауға атсалысқан болатын. Жаңа көгал екі айдың ішінде толық дайын болды.

Ерлан ДЖАМАНТАЕВ, «АҚТӨБЕ» ОФК БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Үлкен қажырлы еңбек атқарылды. Алаңдағы әрбір тал шөпті күтіп, баптап өсірдік десе болады. Біздің алаңға енді халық демалыс күндері келіп, сүйікті командасының ойнын өз алаңында тамашалайды. Ең бастысы осы. Осы жайт қуантады.

«Ақтөбе» футбол клубы мен Olimpbet букмекерлік кеңсесі үш жыдық келісім шартқа қол қойған. Осы уақыт ішінде команданың спорттық нәтижелері еселеніп, өзара тығыз қарым -қатынас нығая түспек. Сонымен қатар, бірлескен жобалар жүзеге асырылады. Жаңа киім үлгісі мен сувенирлер топтамасын шығару ойда бар.

Андрей ЖАРКОВ, «OLIMPBET»БК СЫРТҚЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР БӨЛІМІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Жуық арада осында УЕФА дан арнайы инспекция келді. Көгалдың сапасын тексеріп, талапқа сай екенін айтты. «Ақтөбе »футбол клубы қатысатын Еврокубок турнирлеріне жолдама алдық.

Орталық стадиондағы көгал соңғы рет 8 жыл бұрын ауыстырылған. Ал «Ақтөбе» клубы өткен жылдың күз айынан бері басқа алаңда жаттығып келген еді. Бүгін жаңа көгалда команда ойыншылары жаттығу жасады.

Юрий ЛОГВИНЕНКО, «АҚТӨБЕ» ОФК ДИРЕКТОРЫ:

Көгалдың сапасы керемет. Оған аз ғана уақыт берсе тіпті жақсара түспек. Қазақстандағы үздік алаңның біріне айналады. Өйткені біздің елімізде қазір осындай табиғи алаңдар жоқтың қасы.

Стадионда сондай-ақ жарық жүйесі,бір қатар орындықтар , төрешілердің бөлмесі мен футболшылардың киінетін бөлмесі жаңартылды. Енді Ақтөбенің стадионы халықаралық талаптарға сай. Чемпионаттар мен Еврокубок ойындарын өткізуге мүмкіндік алды. Ал 3 маусымда Ақтөбе өз алаңында қарағандылық «Шахтерды» қабылдайды.