Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Петропавлда 15 жасар қыз бала өзіне қол салды

AstanaTV
31.05.2023ж. 22:30
852
Петропавлда 15 жасар қыз бала өзіне қол салды

Петропавлда 15 жасар қыз бала өзіне қол салды

31 мамыр сағат 15:15-те Петропавл қаласы ПБ-нің 102 жедел арнасына Жамбыл көшесіндегі 16 қабатты тұрғын үйлердің бірінің төбесінде қыз баланың тұрғаны туралы хабарлама түседі.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері 15 жастағы қыз баланың қайтыс болғанын анықтайды. Алдын ала болжам бойынша жасөспірім көп қабатты үйдің шатырынан секіріп, өзіне-өзі қол салған.

Аталған факті ҚР ҚК 105-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Істің мән-жайын анықтау үшін жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.