Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстан СІМ Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруына байланысты мәлімдеме жасады

AstanaTV
31.05.2023ж. 23:00
647
Қазақстан СІМ Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруына байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Корея Халық Демократиялық Республикасының зымыран ұшыруына қатысты мәлімдеме жасады.

«Қазақстан Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі ахуалдың дамуын мұқият қадағалап отыр. Ядролық қаруды сынау және баллистикалық зымырандарды ұшыру ядролық қарусыздану процесіне теріс әсер етеді және аймақтық әрі жаһандық ауқымда қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Ядролық қарусыз мемлекет ретінде ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылған Қазақстан жаппай қырып-жоятын қаруды таратпаудың халықаралық режимін қатаңдатуды дәйекті түрде жақтайды», - делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, бүгін, 31 мамырда таңертең Солтүстік Корея өзінің алғашқы ғарыштық спутнигін орбитаға шығару үшін баллистикалық зымыран ұшырғаны туралы хабарланған болатын.

Қазақстан КХДР зымыранының кезекті ұшырылымын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын бұзу ретінде қарастырады.

«Солтүстік Корея билігін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз» , - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.