Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Павлодар облысында сегіз жасар бала терең қазылған орға құлап кетті

AstanaTV
01.06.2023ж. 11:21
768
Павлодар облысында сегіз жасар бала терең қазылған орға құлап кетті

Павлодар облысында 8 жасар бала үш метрлік су траншеясына құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Павлодар облысындағы Шарбақты ауданындағы ауылдардың бірінде кешкі уақытта болған. 2015 жылы туған бала 3 метрдей тереңдіктегі су траншеясына құлап кеткен. Бала жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

"Бұл факті бойынша осы ауылда жөндеу жұмыстарымен айналысатын ЖШС учаскесінің басшысының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 254-бабы бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды", – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Анасының айтуынша, бала ауладағы су құбырына арнап қазылған орға құлап, жарақат алған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы науқастың жалпы жағдайы өте ауыр екенін хабарлады.