Спорт Қазақстан
$447.89 €476.78 ₽4.79
×

Жетісу облысында жоғалып кеткен 15 жастағы қыздың мәйіті табылды

07.06.2023ж. 20:00
939
Жетісу облысында жоғалып кеткен 15 жастағы қыздың мәйіті табылды

Жетісу облысы Панфилов ауданында екі күн хабар-ошарсыз кеткен 15 жастағы қыздың мәйіті табылды. Жасөспірімнің денесі Әулие ағаш ауылынан 3 шақырым жердегі Бұрақожыр өзенінің арнасынан табылды. Еске салайық, 4 маусым күні кәмелетке толмаған қыз бала үйінен шығып, қайта оралмаған. Іздестіру іс-шараларына құзырлы органдар, жергілікті тұрғындар және 200-ден астам еріктілер жұмылдырылды.

Меруерт МОРЯКОВА, ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бұрақожыр өзенінің арнасынан, криминалдық сипаттағы өлімнің анық белгілерінсіз табылды. Полицейлер қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, бұл өлімнің барлық мән-жайын мұқият тексереді.