Спорт Қазақстан
$447.89 €476.78 ₽4.79
×

Махаббат жасқа қарамайды: өзінен жасы кіші жігітке тұрмысқа шыққан жұлдыздар кім?

AstanaTV
15.07.2023ж. 11:27
5626
Махаббат жасқа қарамайды: өзінен жасы кіші жігітке тұрмысқа шыққан жұлдыздар кім?

Бүгінде елімізде көптеген отандық әнші отау құрып, балалы болуда. Әдетте менталитетімізге сай әйелдің ер адамнан жасы кіші болғаны құпталады. Бірақ кейбір қазақстандық жұлдыздар бұл стереотиптен арылуды жөн көрген.

KAZ.NUR.KZ тілшісі махаббат жасқа қарамайтынын дәлелдеп, таңдауы өзінен жасы кіші жігітке түскен отандық жұлдыздарды назарға ұсынады.

Мадина Сәдуақасова

Әнші Мадина Сәдуақасованың өзінен 7 жас кіші Олжас Смағұловпен отбасын құрғанына шамамен 10 жыл болып қалды. Бүгінде олар Әнуар есімді ұлды тәрбиелеп отыр.

Гүлбаһрам Байбосынова

Театр және кино актрисасы Гүлбаһрам Байбосынова өзінен 10 жас кіші актер Қазбек Төленге тұрмысқа шыққан. Қазбек пен Гүлбахрам некесін 1 қарашада қиған. Ал ұзату тойынан кейін 13 қарашада екі жастың үйлену тойы да өткен. Гүлбаһрам Байбосынова өзінен жасы кіші жігітке ұзатылғаннан кейін ел арасындағы қаңқу сөзге жауап берген болатын. Ол жұбайы екеуін ортақ бақыты ғана қызықтыратынын алға тартты.

Жанель Макажан

Отандық киноактриса Жанель Макажанның екінші күйеуі Абай Асылханұлы 26 жаста. Актриса күйеуінен 8 жасқа үлкен болғанымен, оның сөзінше, олар бақытты өмір сүруде. Сондай-ақ бұған дейін актриса аяғы ауыр екенін айтып, жұбайына тосынсый жасаған болатын.

Әсел Сәдуақасова

Әсел Сәдуақасова күйеуінен 10 жасқа үлкен. Бірақ өзінің сөзінше, жас жұбайы — көптен іздеген адамы. Қазақстандық актриса Әсел Сәдуақасова 38 жаста, ал оның күйеуі Мағжан Тілеухан 28-де. Сондай-ақ актрисаның сөзінше, ол сүйіктісін таныстары мен достарының көмегімен кездестірген. Жұмыс сапарлары кезінде сырттай тек жақсы сөздерді естіп жүріп, кейін бірге қосылған.

Баян Нұрмышева

Баян Нұрмышева да өзінен үш жас кіші жігітпен көңіл қосқан. Оның таңдаулысы қазақстандық әнші Ерлан Орынбасаровқа түсті.

Ерке Есмахан мен Раймбек Бақтыгереев

Жас айырмашылығына қарамастан, махаббатымен көпшілікті сүйсіндірген жұптардың бірі Ерке Есмахан мен Раймбек Бақтыгереев. Екеуінің жас айырмашылығы 12 жыл. Ерке Есмахан жұбайы екеуінің қарым-қатынасы 2018 жылы басталғанын айтты. Олар жақында мұсылманша некесін қидырған. Өнер иесі жұбайынан мәһрге не сұрағанын жасырмай айтып берді.  

Кәмшат Жолдыбаева

КешYOU тобының бұрынғы солисі Кәмшат Жолдыбаеваның күйеуі өзінен бес жасқа кіші. Өнер иесі актер Ғазрет Ержановпен кездесіп жүргені белгілі болған. Ерлі-зайыпты "Рауза" атты отандық телехикаясында бірге рөл сомдап, тіпті бірнеше ашық сценаларға да түскен.