Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Аланияда жол-көлік оқиғасынан бір отандасымыз көз жұмды

31.07.2023ж. 20:00
799
Аланияда жол-көлік оқиғасынан бір отандасымыз көз жұмды

Аланияда Қазақстанның 12 азаматы мінген шағын автобус жол-көлік оқиғасына ұшырап, 2 отандасымызға шұғыл операция жасалды. Оның бірі бүгін ауруханада көз жұмды. Түрік полициясының мәліметі бойынша, автобус жүргізушісі жоғары жылдамдықпен келе жатып жүк көлігіне соқтығысқан. Апат салдарынан көлік жүргізушісі мен гид оқиға орнында қаза тапты. Анадолыдағы қазақстандық дипломаттар отандастарымызбен тұрақты байланыста және тиісті жұмыс жүргізіп жатыр.

Ерлан ЖЕТІБАЕВ, ҚР СІМ КОММУНИКАЦИЯЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қалған 10 отандасымыздың, оның ішінде 4 баланың жағдайы қанағаттанарлық. Өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Барлығында медициналық сақтандыру бар.