Спорт Қазақстан
$447.89 €476.78 ₽4.79
×

Зайнутдинов жарақат алды

AstanaTV
13.11.2023ж. 20:00
546
Зайнутдинов жарақат алды

Армениядан қуанышты жаңалық! Аса ауыр салмақта әйелдер арасында бақ сынаған Арайлым Әбенова ақтық белдесуде ресейлік қарсыласын айқын басымдылықпен ұтты. Ол қазақ қыздарының арасында тұңғыш рет аса ауыр салмақта жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп отыр.

Жарыстың үшінші күні ерлер арасында Әлібек Зекенов (98 келіге дейін) және Талғат Жиентаев (98 келіден жоғары) қола жүлденің иегерлері атанды.

АРАЙЛЫМ ӘБЕНОВА – САМБОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

 «Ыстанбұлға» қарсы ойынның 41-минутында Қазақстан құрамасының ойыншысы Зайнутдиновты қарсылас команданың қорғаушысы Джером Опоку шынтақпен ұрды. Бұл әрекеті үшін төреші ганалық футболшыға сары қағаз да көрсетпеді. Қазақстандық футболшы алаңдағы орнын Рашид Геззалға босатып берді.

Бахтиер үшін бұл Түркия чемпионатындағы 10-ойыны еді. Бұл матчтан кейін Бахтиер Қазақстан ұлттық құрамасымен ЕУРО-2024 матчтарының іріктеу ойындарында Сан-Марино және Словения құрамаларына қарсы ойнау керек еді. Жарақатынан кейін ойындарға қатыса ала ма, жоқ па, жақын арада бөлісетін боламыз.

ЗАЙНУТДИНОВ ЖАРАҚАТ АЛДЫ

«Челси» мен «Манчестер Сити» Англия премьер-лигасының 12-туры аясында нәтижелі матч өткізгенімен, өзара мықтыны анықтай алмады. Лондондағы «Стэмфорд Бридж» стадионындағы кездесу 4:4 есебімен аяқталды.

Алаң иелері сапынан: Тиаго Силва, Рахим Стерлинг, Николас Джексон және Коул Палмер ерекшеленді. Қонақтардан Эрлинг Холланд дубль жасаса, Мануэль Аканджи және Родри бір бір голдан соқты.

Тең ойыннан кейін Манчестер Сити 28 ұпаймен турнир кестесінде көшбасшылықты жалғастыруда, ал Челси ұпаймен оныншы орында.

25 қарашада Манчестер Сити өз алаңында Ливерпульді қабылдайды, ал Челси Ньюкаслмен ойнайды.

АПЛ: «ЧЕЛСИ» - «МАНЧЕСТЕР СИТИ» 4:4

«Барселона» футболдан Испания чемпионатының 13-ші турында Алавесті өз алаңында жеңді. Кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Қонақтар ойынның 1-минутында Самуэль Омородионның голының арқасында алға шықты. Бұған каталондықтар үзілістен кейін ғана Роберт Левандовскийдің 53-ші және 78-ші минуттардағы дәл соққыларымен жауап берді.

Осы жеңістің арқасында 30 ұпаймен Барселона кестеде үшінші орынды иеленуді жалғастыруда, ал «Алавес» 12 ұпаймен 15-ші орында.

24 қарашада «Алавес» өз алаңында Гранадамен кездеседі, ал келесі күні Барселона «Райо Валеканомен» ойнайды.

ЛА ЛИГА: «БАРСЕЛОНА» – «АЛАВЕС» 2:1

«Интердің» сол жақ қорғаушысы Федерико Димарко Италия чемпионатының 12-турында «Фрозинонға» қарсы ойында ең әдемі голдың авторы атанды. 43-минутта Демиарко Генрих Мхитаряннан пас алып, алаң ортасынан соққы жасады. «Фрозиноне» қақпашысы Стефано Турати қақпадан алыстап, доп жеткенше қайтып үлгермеді.

26 жастағы Димарко үшін бұл ағымдағы маусымда клубта өткен 14 матчтағы екінші голы. Нәтижесінде қожайындар 2:0 есебімен сенімді жеңіске жетті, ал матчтың басты оқиғасы Димарконың голы болды.

ДИМАРКОНЫҢ ӘДЕМІ ГОЛЫ

Ливерпуль «Сан-Паулу» командасының бразилиялық қорғаушысы Лукас Бералдоны алғысы келеді. Англия клубының бас жаттықтырушысы Юрген Клопп Бразилиялық футболшының командаға қосылуына мүдделі. Егер тараптар ойыншының құны туралы келісе алса, онда Ливерпуль Бералдоны алдағы трансфер кезеңінде сатып ала алады. 19 жастағы футболшының клубпен келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін есептелген.

 «ЛИВЕРПУЛЬ» БЕРАЛДОҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТУДА

Нью-Йоркте UFC 295 турнирі өтті, оның басты оқиғасы Чехиядан келген Джири Прохазка мен бразилиялық Алекс Перейра арасындағы ауыр салмақтағы титул үшін жекпе-жек болды. Бес раундқа созылуы керек еді, бірақ Бразилиялық екінші кезеңде жеңіске жетті.

Прохазка абайсызда алға ұмтылып, Перейраның жойқын соққыларына тап болды. Бразилиялық оны шынтақпен соққылай бастағанда, төреші араласып кетті, бірақ көпшілік жекпе-жекті ерте тоқтатты дегендей пікір айтты. Қалай болғанда да, Перейра - ауыр салмақтағы UFC жаңа чемпионы.

ПЕРЕЙРА - UFC ЧЕМПИОНЫ

Winline қосымшасын жүктеп алыңыз

5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда

5 миллион (теңге) сіздікі болуы мүмкін!

Экранда алдыңғы апта ойындарының қорытындысы көрсетілген. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сондай-ақ, винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді.