Спорт Қазақстан
$450.8 €486.77 ₽4.88
×

Ақтөбеде әйелдер форумы өтті

29.11.2023ж. 20:00
584
Ақтөбеде әйелдер форумы өтті

Әлемдегі әйелдердің рөлін талқылау және жүйелік мәселелерді шешу мақсатында Ақтөбеде әйелдер форумы өтті. «AMANAT» партиясы облыстық филиалы ұйымдастырған жиынға екі жүзге жуық қыз-келіншек қатысты. Облыс халқының жартысы -әйелдер. Олар түрлі салада өз істерін бастап, кәсібін дөңгелетіп отыр. «Ауыл аманаты» жобасымен 6 млрд теңгеден астам несие алынса, соның 2,6 млрд теңгесі әйелдердің еншісінде. Көрмеге өздері әзірлеген өнімдерін әкеліп, көпшілікке таныстырды. Форумда қоғамдағы әйелдерді мазалайтын түрлі мәселелер талқыланды. Қаржылық сауатттылықтан бастап, денсаулық сақтау саласы, білім беру жүйесі қамтылды. Сондай-ақ, ауыл әйелдерінің заманға сай дамуына жағдай жасалуы үшін аудандарда психологиялық орталықтар ашу ұсынысы айтылды.

Күлпаршын АЙДАРХАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT»ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жақында біз бір ауданға барғанбыз. Маған көтерген сұрақтардың бірі кәсіпкерлер болсын. Басқа да ауылда тұрып жатқан азаматшалар психолог қажеттігін көрдім. Қасымызға екі психолог ертіп апарған едік. Көбісі соларға жазылды. Сондықтан қазіргі кезде сол сұрақты көтергім келеді. Психологиялық орталықтар ауылдарда қажеттігін айтқым келеді.

Ал Жамбылда «AMANAT» партиясы жанынан Әйелдер қанаты құрылды. Өңірдегі нәзік жандылар жаңа ұйымның алдағы жұмыс жоспарын нақтылады. «Кедергілерден өтіп, табысқа жету», «Әйел – отбасы ұйытқысы, тыныштық тірегі», «Саяси көшбасшылықтағы әйелдердің ролі», тақырыптары талқыланды. Бүгінде облыста 1,2 млн. халық болса, оның жартысы-әйел.

Айман ӘШІМОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT»ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 «AMANAT» партиясы соны қолдап, әйелдер қанатын құрғаны бізді қуантады. Яғни әйелдердің ой пікірін білу, әйел азаматтарын әр жақты қолдау. Заңды, әлеуметтік, экономикалық жағынанда. Заңдық гендерлік саясатқа өз үлестерін қосса деген ниеттеміз.