Спорт Қазақстан
$450.8 €486.77 ₽4.88
×

"Ауыл шаруашылығында кооперацияны дамыту тым баяу жүріп жатыр", – сенатор

29.11.2023ж. 20:00
507
"Ауыл шаруашылығында кооперацияны дамыту тым баяу жүріп жатыр", – сенатор

Қазақстанда 3 жарым мыңға жуық ауыл шаруашылығы кооперативі тіркелген. Алайда оларды дамыту тым баяу жүріп жатыр. Бұл туралы бүгін Сенатор Әли Бектаев айтты. Көбі мал, өсімдік шаруашылығымен айналысса, қалғаны басқа бағытта жұмыс істеуде. Алайда, нарықты дамыту жағдайында агрокооперативтерді құру өзекті болғанымен, даму жоқ. Ауыл халқының «кооперативтерді құрудың қандай артықшылықтары мен пайдасы бар?» деген сұрақтарына құзырлы орган тарапынан нақты жауап берілмей жатыр дейді Сенатор.

Әли БЕКТАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Бұл тұрғыда мамандар осы саладағы негізгі проблемаларды белгілеп шықты. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруда адамдардың бұл институтқа сенімсіздігі байқалған. Сонымен қатар отандық өнімнің бәсекеге қабілетінің төмендігі мәселесі де бар. Кооперативті тіркеу кезіндегі құжаттардың көптігі кедергі жасап отыр. «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заң талаптарының кемшілігінен заман талабына сай тиісті өзгерістерді қабылдау қажет.

Елімізде 300 мыңға жуық шаруа қожалығы бар. Ал 1 жарым мың кооперативтің 432-сі жұмыс істемей тұр. Бұл орталық пен жергілікті атқарушы биліктің алшақтығын көрсетеді дейді депутаттар. Сондай-ақ, кооператив пен оның мүшелері үшін салық салу мәселелері де толық реттелмеген.

Азат СҰЛТАНОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Салық кодексінде ауылшаруашылық кооперативтері үшін барлығы салықтар бойынша 70 пайыз жеңілдікті көздейтін арнайы салық режимі көзделген. Бұдан басқа ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, ұлғайту мақсатында "Бәйтерек" ҰБХ еншілес ұйымдары арылы ауылшаруашылық кооперативтеріне кредиттер беріледі.