Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×
Іңкәр сезім
Корей телехикаясы

Іңкәр сезім

Чосон әулетінің тарихында әйгілі патша күңдерінің бірі, билікке жаны құмар, көтерілістің басы-қасында жүретін Чан Хе Бин есімді ханымның есімі аталады. Ал бұл телехикая Чан Хе Бинді өзге қырынан көрсетпек. Біз билікке құмар ханшайымды емес, тігін ісіне құмар қарапайым бикештің тағдырын тамашалаймыз. Көтерілістің басы-қасында жүретін емес, киім көрсетілімінің кешінде жүретін аруды көреміз. Қарапайым отбасынан шығып нағыз ханшайымға айналған қыздың өмірін бақылаймыз. Телехикаяда аз ғана ғұмырында көп қиыншылық көрген арудың ел ханзадасының жүрегін жаулап алғаны да көрініс табады.

Өткен шығарылымдар