Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Алматыдағы балабақшалардың бірінде видеоға түсіп қалған егеуқұйрықтар жұрттың зәресін алды

AstanaTV
20.03.2024ж. 21:00
335
Алматыдағы балабақшалардың бірінде видеоға түсіп қалған егеуқұйрықтар жұрттың зәресін алды

Әлеуметтік желіде екі бірдей егеуқұйрықтың балалардың ұйықтайтын бөлмесінде жүрген видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары жағасын ұстады. Олар бұл жағдайдың мысықтың жоқтығынан болып отыр деген болжам жасады. Енді бірі мұны балабақшаның бәсекелестері істеп отыр деп санайды.

Алматы қалалық білім басқармасы желіде тараған бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді.

“Түскен арыз-шағымдарға байланысты 16 наурыз күні балабақшада дезинфекция және дератизация шаралары жүргізілді. Білім басқармасы балабақша қызметін бақылау үшін комиссия құрды, оның қорытындысы бойынша балабақша әкімшілігіне тиісті шаралар қолданылады”, – деп мәлімдеді қалалық білім басқармасы.