Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алматыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді: жедел штаб өкілдері үндеу жасады

AstanaTV
19.04.2024ж. 22:10
327
Алматыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді: жедел штаб өкілдері үндеу жасады

20 сәуірде Алматыда террорлық іс-әрекеттердің алдын алуға бағытталған жоспарлы оқу-жиыны өткізіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, 20 сәуірде Республика сарайында, Достық 56 мекенжайы бойынша, сағат 05:00 ден 10:00 арасында террорлық іс-әрекеттердің алдын алуға бағытталған жоспарлы оқу-жиыны өткізіледі.

Оқу-жаттығудың мақсаты – халық көп шоғырланатын орындарда террорлық іс-әрекеттерге қарсы өзара іс-қимыл әрекеттерін нақтылау.

"Аталған іс-шараны өткізу барысында шектеу шаралары енгізілетінін хабарлаймыз. Осыған орай, азаматтарды өткізіліп жатқан іс-шараға түсіністікпен қарап, қауіпсіздікті сақтап, мемлекеттік орган қызметкерлерінің талаптарын орындауларын сұраймыз. Сондай-ақ ӘҚбК-нің 443-бабына сәйкес, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адамның талаптарына бағынбаған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз", - делінген хабарда. Т