Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

"Тегін тағылымдама деген түсінік жоқ", - заңгер

26.04.2024ж. 20:00
245
"Тегін тағылымдама деген түсінік жоқ", - заңгер

Алдымен жұмысыңды көрсет, содан кейін екі қолыңа бір күрек беремін. Мамандығымен нан тапқысы келетіндер амалсыздан бұл талапқа көнеді. Әсіресе, дипломын енді ғана қолына алған жастар осындай жағдайға жиі тап болады. Ақысыз тағылымдамадан өткізу, заң талаптарына сай ма? Түйіндемесін құшақтап мекемелердің табалдырығын тоздырып жүргендермен тілшіміз тілдесті.

Өркен МЫРЗАБЕК, ТІЛШІ:

Дипломымды алдым, түйіндемені толтырдым. Жұмыс іздеушілерден ең алдымен осы екі жапырақ қағаз сұралады. Бірақ барған жердің барлығы құшақ жая қарсы алады деген сөз емес. Жұмыс тәжірибесін сұрайды, кәсібилігіңді дәлелде дейді. Кемі бір ай тағылымдамадан өтуді талап етеді. Сынақтан сүрінбесең ғана жұмыс ұсынуы мүмкін.

Жансерік Бағысбаев бір ай бойы тағылымдамадан өтіп, жұмысқа орналаса алмаған. Бір өкініштісі тегіннен-тегін жұмыс істеп, еңбек ақымды ала алмадым дейді.

Жансерік БАҒЫСБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мысалы бір жерде жұмыс істедік бір бауырым екеуміз. Бір ай тексерілімнен өтіңдер деді өттік. Бізді пайдаланып пайдаланып документімді бір айдан кейін документімді әрең алдым.

Түріңе қарап тон пішпейтіні анық. Түйіндемеңе мұқият оқиды. Мақтауын келтіріп жазған қасиеттерің ұнаса сынақ мерзімін тағайындайды. Тағылымдамадан өтуді ұсынады. Яғни, талаптарына сай келуін тексереді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Әуелі сені байқайды жұмысқа жарамдысың ба? Жарамды емессің ба? Енді бір жұма болу керек стажировкада. Тікелей қабылдаған дұрыс емес ау деймін.
- Стажировкадан өту дұрыс деп ойлаймын өйткені қалай жұмыс істейтінін біледі да.
- Әрине дұрыс емес. Адамның еңбегін жеуге болмайды ғой. Енді әртүрлі ғой организациялар.

Пікір сан алуан. Бірақ заңда тегін тағылымдамадан өткізу деген тетік қарастырылмаған екен. Тек жұмыс беруші 3 ай сынақ мерзімін белгілейді. Оған дейін жалақы төленуі тиіс.

Жандос ТҰЯҚОВ, ЗАҢГЕР:

Еңбек кодексінде стажировкадан өту деген ұғым мүлдем жоқ. Өкінішке қарай бұл жұмыс берушілердің тарапынан, тегін еңбек қолын жүзеге асырып жатқан шаралар. Қандайда бір ақы, кетірген уақытыңыз төленуі тиіс.

Тағылымдамадан өте алмай қалғанның өзінде жұмыс істеген күндеріне еңбекақы алуы қажет. Бірақ көпшілігі жалақыны төлемейді. Өйткені, мөр қойылып, келісім жасалмаған. Тіпті еңбек инспекциясына тағылымдама уақытындағы маңдай терін талап еткен бірде-бір шағым түспепті.