Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Алматыда Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен ат жарысы өтті

02.05.2024ж. 20:00
138
Алматыда Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен ат жарысы өтті

Алматыда Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен ат жарысы өтті. Одан түскен қаражат су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге жіберіледі. Ең үздік деп танылған 70 сәйгүлік 9 кезең бойынша сынға түсті. Ең ұзағы – 2 мың шақырым . Додада шабандоздардың салмағы мен сәйгүліктің жасы ескерілді. 1000 метр қашықтықта жеңімпаз атанған жылқының бапкері Рамазан Амангелді өзі баптаған сәйгүліктің үмітті ақтағанын айтады.

Рамазан АМАНГЕЛДІ, АТ БАПКЕРІ:

Аттың есімі – Мэрайя. Қазақстанда туған. Өзіміздің болған арманымыз импорттарға шауып көру керек, ұтуымыз керек деп. Қосып көрдік, байталымыз намысымызды тастамады. Ұтып берді. Биыл өте жақсы дамып жатыр. Адам жиналып, керемет болып жатыр. Әрі қарай дами берсін..

Мақсат АХАЕВ, QAZAQ JOKEY CLUB ТӨРАҒАСЫ:

Бұл жерге қатысатын ат жарысының барлығы тек қана құжаттарымен қатысады.Таза қанды ағылшын,таза қанды араб,болмаса днк сараптамасы келгеннен кейін ғана қатыса алады.Біздің де ойымыз осы- Алматы ипподромы болашақта бір мәдени орын болса, жалпы дүниежүзілік мәдениетке қарай кішкене жақындасақ.