Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Алматылық зейнеткер соққыға жығылып, қайтыс болды

AstanaTV
03.05.2024ж. 14:17
353
Алматылық зейнеткер соққыға жығылып, қайтыс болды

Қала саябақтарының бірінде кешкі жүгіруге шыққан зейнеткер кісі қолынан қаза тапқан, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Тұрғындардың айтуынша, зейнеткер соққыға жығылып, қайғылы жағдайға тап болған.

Димократ Палтушев 75 жаста еді. Ол үнемі кешке жүгіруге шығып, салауатты өмір салтын ұстанатын. Зейнеткер өте жақсы адам еді. Оны белгісіз біреу соққыға жығыпты, – дейді тұрғындар.

Аталған жағдайға Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

Адам өліміне әкеп соқтырған дене жарақатына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр, – деді Алматы қаласының полиция департаментінде.