Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Төреғали Төреәлі қызының туған күніне арнап жантебірентер жазба жариялады

AstanaTV
21.04.2024ж. 23:45
346
Төреғали Төреәлі қызының туған күніне арнап жантебірентер жазба жариялады

Танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында қызының туған күніне арнап жантебірентер жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Әнші жазбасында қызының жүріс-тұрысы тура өзінікінен аумайтынын жазған. 

"Кәусардың деп жүргенде тынысы ма?

Тоғжанның деп жүргенде інісі ма?

Ат қойып ек, киім де ап қойып ек

Толқынжан қалама деп ұл ұсына

Қытайда туылатын болғаннан соң

Узиден айтылмап ед жынысы да.

Ұл күтіп жүрген кезде Ұлы Құдай

Тағы бір гүл ұстатты уысыма.

Күлгені де ұқсайтын күлгеніме

Ұрысы да ұқсайтын ұрысыма.

Жүргені де ұқсайтын жүргеніме

Тұрысы да ұқсайтын тұрысыма.

Бүгін сол Фатимамның туған күні

Мың рахмет Құдайдың мұнысына!" - деді әнші.