Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Президенттікке кандидат М.Қажыкеннің Ақтөбе облысындағы штаб жұмысы жалғасуда

AstanaTV
11.11.2022ж. 20:00
1620
Президенттікке кандидат М.Қажыкеннің Ақтөбе облысындағы штаб жұмысы жалғасуда

Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкеннің Ақтөбе облысындағы штаб жұмысы жалғасуда. Күн сайын халық көп жүретін жерлерде үгіт парақшалары таратылады. Үміткердің сенімді өкілдері тұрғындармен кездесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасын таныстыруда.

Ақтөбе қаласы мен екі ауданда 18 бильборд ілінген. Күн сайын халық көп жүретін жерлерде үгіт парақшалары таратылады. Бұл жұмыстар штабтағы 30 волонтерға жүктелген. Апта басында Мейрам Зекешұлы осы өңірге іс сапармен барып, медицина және құрылыс саласының қызметкерлерімен кездескен еді. Ал қазір өңірдегі сайлаушылармен кездесуді кандидаттың 15 сенімді өкілі жалғастырып жатыр.

Лидия ОРАЛБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ШТАБ БАСШЫСЫ:

Әр уақытта келген адамдарға сұрақтарына жауап беріп, олардың сайлауға тегіс қатысуына біз барлық жерде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырмыз. Халық, жұртшылық Мейрам Зекешұлының алыс аудандарға келгенін күтті. Бірақ мына ауа райының қолайсыздығына байланысты біз ондай рискке бара қойған жоқпыз. Бірақ сенімді өкілдер аудандарды бөліп алдық. Біз кездесуді жалғастырып алыс аудандарға барамыз.

А. Задабек