Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Президенттікке кандидат М.Қажыкеннің үгіт-насихат жұмыстары Шымкент қаласында жалғасты

AstanaTV
17.11.2022ж. 20:00
1207
Президенттікке кандидат М.Қажыкеннің үгіт-насихат жұмыстары Шымкент қаласында жалғасты

Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкеннің үгіт-насихат жұмыстары Шымкент қаласында жалғасты.

Мейрам Қажыкен Мемлекеттік педагогикалық университеттің студенттері және оқытушыларымен жүздесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Кандидат жалынды жастардың идеяларын іске асыру үшін мүмкіндік беріп, қолдау көрсету қажеттігін атап өтті. Үміткер қаладағы Жылу Электр Орталығында да болды. Кәсіпорын қызметкерлеріне елдің энергетикалық және жылу өнеркәсібін дамыту туралы айтты. Сондай-ақ, Тәуелсіздік монументі, Алаш орда, қазақтың үш биінің ескерткіштеріне гүл қойды.

Мейрам ҚАЖЫКЕН, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Тараз бен Шымкенттің арасында Түлкібас деген қала бар. Осы лайық өндірісті бастауға.Таза технология. Ол жерде білікті мамандар жұмыс істейді. Сосын мына екі қалада университеттер бар.

А. Задабек