Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Н.Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарымен Ақмола облысына барды

AstanaTV
17.11.2022ж. 20:00
967
Н.Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарымен Ақмола облысына барды

Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарымен Ақмола облысына барды.

Шортанды ауданының халқымен кездескен Нұрлан Әуесбаев сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталды. Өңірде ауызсу мәселесі әлі күнге дейін шешімін таппаған. Ауылдың дамуы, жайылымдық жердің тапшылығы секілді көкейкесті мәселелер көтерілді. Үміткер тұрғындардың сұрақтарына барынша жауап беруге тырысты. Ал ертең кандидатты ұсынған “Жалпыұлттық социал-демократиялық” партиясы науқан бойынша қорытынды жиын өткізуді жоспарлап отыр.

Нұрлан ӘУЕСБАЕВ, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Кездесуде ауыл тұрғындарының қойған негізгі сұрақтары – ауылдың мәселесі, су мәселесі, ауыл айналасындағы жайылымды жер мәселесі тағы сондай мәселелер мемлекеттен бөлінген қаржылар қайда кетіп жатыр басқа да үлкен сұрақтарды қойды.

А. Серік